Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

shamil $ akon - Саған деген сағыныш | Текст песни

Саған деген сағыныш

Қалай енді сенің менсіз өмірің,
Бақытқа толы болсын сенің ғұмырың.
Өткенді парақтау пайдасын бермейді,
Көңіл қалағанмен, қайта айналып келмейді.
Қайта табыспас біздің енді еріндер,
Бір арнаға тоғыспас енді біздің сезімдер.
Сол күйі ақталмады біздің артқан сенімдер,
Жүрегім сыздайды, түрі жоқ қой жеңілдер.

Қайырмасы:
Бізді айырған – тағдыр және бір уақыт,
Өткенді еске алу – мен үшін үлкен бақыт.
Семен өткен күндерім, бәрі қалды артымда,
Бірге жүрген күндерім, еске аламын сағына.

Мүмкін бұл әуеннің сапасын сын көтермейді,
Мағыналы сөз өз бағытын өзгертпейді.
Жүректен шыққан ән жетеді ғой жүректерге,
Бұл әуенді арнадым жаралы жүректерге.
Үмітімді үзбей сүйдім сені күндіз-түні,
Шапағатқа толы өмірімнің әрбір күні.
Себебі, сен – менің құлай сүйген жалғызымсың,
Сағына орындалып, жоғалтқан арманымсың.
Көктем, жаз, күз, соңынан қыс ереді,
Қателік жасалмаса, семен бірге өтер еді.
Сағыныштан саған кеуде тұсым өртенеді,
Осы жағдайды шын сүйгендер түсінеді.
Түсінеді жағдайымды тек қоңыр күз,
Ол да мен секілді сенен айрылғандай жалғыз.
Жаңбыр жауады менің көз жасымды жасырып,
Мен шешім қабылдаппын қателесіп, асығып.

Қайырмасы: (х2)
Бізді айырған – тағдыр және бір уақыт,
Өткенді еске алу – мен үшін үлкен бақыт.
Семен өткен күндерім, бәрі қалды артымда,
Бірге жүрген күндерім, еске аламын сағына.

Әр таң атады жүрегімдегі сызатпен,
Кеудем жеңілдер емес дем алсам да ұзақпен.
Санамды жүдеттім жауабы жоқ сұрақпен,
Алыстап барасың, кеттің менен жырақ сен.
Сен – мен үшін жұмбақсың, жауабы табылмаған,
Оқылмаған романсың, аяқталып жабылмаған.
Неге екенін білмеймін, көңілім ынтық саған,
Мүмкін, бақытымсың басыма бұйырмаған.
Сағыныштың сазымен келеді сенің бейнең,
Саған сезген сезімді таба алмадым ешкімнен.
Басым айналып барады сенің иісіңнен,
Мүмкін денеме, мүмкін киіміме сіңген.

Қайырмасы: (х2)
Бізді айырған – тағдыр және бір уақыт,
Өткенді еске алу – мен үшін үлкен бақыт.
Семен өткен күндерім, бәрі қалды артымда,
Бірге жүрген күндерім, еске аламын сағына.

shamil $ akon еще тексты


Другие названия этого текста
  • BaGi - Саған деген сағыныш (ремикс) (0)
  • BaGi - Саған деген сағыныш (0)
  • shamil $ akon - Саған деген сағыныш (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2