Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Sharapat - Көк Шолақ | Текст песни

Кенен Әзірбаев

Мiнгенiм астымдағы көкшолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ, шоп-шолақ-ты.
Ей, қыздар, қойшысынбай өлеңiңдi айт,
Тұсыңа бiздей құрбың келiп қапты.

Олай жүршi, көкшолақ,
Былай жүршi көкшолақ.
Қыздар мiнген байталды,
Жанай жүршi көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Менi құртқан, көкшолақ.

Мiнгенiм астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесiне аз күн қонақ.
Ей, қыздар, кедейсiнбей өлеңiңдi айт,
Тұсыңа келiп қалдым құдашалап.

Олай жүршi, көкшолақ,
Былай жүршi көкшолақ.
Қыздар мiнген байталды,
Жанай жүршi көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Менi құртқан, көкшолақ.

Қызы едiң сен бiр байдың өтпей жүрген,
Келгенше жиырма беске кетпей жүрген.
Ей, қыздар, кедейсiнбей өлеңiңдi айт,
Мен қойшы сендей қызға жетпей жүрген.

Олай жүршi, көкшолақ,
Былай жүршi көкшолақ.
Қыздар мiнген байталды,
Жанай жүршi көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Менi құртқан, көкшолақ.

Мен өзiм Алатаудың ителгiсi,
Қойшының қызға жақын икемдiсi.
Кедейсiң деп кемiтпе, байдың қызы,
Келiп отыр құрбыңның сүйкенгiсi.

Олай жүршi, көкшолақ,
Былай жүршi көкшолақ.
Қыздар мiнген байталды,
Жанай жүршi көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Менi құртқан, көкшолақ.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-