1. Мен өзіңді бір көргеннен ұнатым ем ғашығым, Сұлу бейнең кетпей естен, салды ойға қанша мұң. Кездесуге тек өзіңмен тағат таппай асықтым, Өзіңе ғашықпын. Махаббаттың біз жазайық сазды арман әуенің, Мен балаймын көздеріне жұлдыздарын әлемнің. Сезімімді алып-ұшқан түсінбеймін, әлекпін, Өзіңе ғашықпын.
Арман алға жетелеп, айым, Сезім жырын бірге шыркайык. Белестерге талай жетерміз. Бақыттымыз екеуміз.
2. Тал бойына сұлулықты, нәзіктікті жиыпсың, Мені еріксіз баурап алдың, сені ерекше сүйіппін. Жүрегімді ұсынамын, қабыл алшы, сүйіктім, Өзіңе ғашықпын.