Канагат: Сүйемін сені сезесің бе? Асығып тұрам кездесуге Қолымды созам мен саған ұсынып, Қабыл ал өтінемін ғашық жанды түсініп
Сезімді қалайша мен Жасырайын өзіңнен Ғашық болып қалдым ба Тұңғиықтай көзіңе Тек сен бас тарта көрме Мендік адал сезімнен Жүрек барады шөлдеп Болайық бірге...
Sky: Көздеріңе қарасам әлемге енемін ерекше Ойлай бермейін десем болмайды ойлай бермеске Ақтарып ойды кеште,қиялдаумен сенделемін Кей кезде сезіммен ауырып,кейде емделемін Желмен ердің,ақырын аяңдай басып Ойымның бәрін жаулап,өмірде қашып Төгілесің тасып,сия болып қаламымнан Ғашық болып қалғанымба?..Өтінемін салма мұңға! Қабағыңнан қар жаумасын маған қарсы Бірге болайықшы сезімімді қабыл алшы Тамызбаймын тамшы мөлдір көздеріңнен Сан арудың ішінен сен көзге ілінген Күлгенің әсем,мұңайма сен Бар ойымда сен,ауыстым есімнен Сен оны сезесің бе?Қалаймын болуды бірге Жұлдыздар болады куә самғаймыз көкке
Канагат: Сезімді қалайша мен Жасырайын өзіңнен Ғашық болып қалдым ба Тұңғиықтай көзіңе Тек сен бас тарта көрме Мендік адал сезімнен Жүрек барады шөлдеп Болайық бірге...
Sky: Қазіргі арманым жанымда болуың менің Сен жырақта болсаң,тарылады менің демім Өзіңмен бір болудың,қосылудың тапсам ебін Бақытқа бөлеп мәңгі,көрсетпес ем сезім шегін Қай жерде,қайда болсамда,ойымдасың Сеземін сезімге ешқашан нүкте қойылмасын Мәңгілік жойылмасын жүрегімдегі алаудың Сеземін жуық арада орындалады қалауым Жаулап алдың сен,қалайша ойымның бәрін? Сені ойламасқа жетер емес күш,жігер,әлім! Мына өмір мәнін сенсіз көрер емеспін Көрінесің елес болып арасынан белестің Келеді еркелеткім сені құшағыма басып Еркем тек маған келші өзге жандардан қашып Тасып барады сен дегенде сезімім Жүрегім менің шөлдеді, таусылып барады төзімім
Канагат: Сезімді қалайша мен Жасырайын өзіңнен Ғашық болып қалдым ба Тұңғиықтай көзіңе Тек сен бас тарта көрме Мендік адал сезімнен Жүрек барады шөлдеп Болайық бірге...