Smitty - Жібер (feat. ШYNGYS) [1-ші нуска] Қ\сы (ШYNGYS) Жіберші мені жіберші, махаббатымды қайтар. Сенің кербез келбетіңді, уақыт келді ұмытар. (Smitty) Жібер мені жібер сезімімді қайтар, Келбетіңді уақыт келді ұмытар. Жібер мені жібер бақытымды қайтар, Бәлкім жаңа махаббатым табылар.
ШYNGYS part 1: Менің жүрегім енді мәңгілік түнек қапас, Бақыт құсын өзім жерледім, басқасы қонбас. Түсінбедім қадірін шынайы махаббатың, Жұмағымды сатып болдым тұтқыны тозақтың. Сен енді алыстасың, өзгенің бағысың, Сүйікті жар немесе бақытты анасың. Ал мен әр таңымды өкінішпен атқызып, Сені жоқтап күйінішпен күнімді батқызып. Жіберші мені, уақыт келді сені ұмытар, Тарихымды өртеп жаңа өмірді бастар. Жолым болып мүмкін жаңа махаббат табылар, Сені сүйгендей сүйетініме күмәнім бар. Қ\сы (ШYNGYS) Жіберші мені жіберші, махаббатымды қайтар. Сенің кербез келбетіңді, уақыт келді ұмытар. (Smitty) Жібер мені жібер сезімімді қайтар, Келбетіңді уақыт келді ұмытар. Жібер мені жібер бақытымды қайтар, Бәлкім жаңа махаббатым табылар.
Smitty part 2: Әбден елестетіп едім қасымда болғаныңды, Менімен бірге сенің күрсініп қуанғаныңды. Жұбайым деп болашақ жар салдым мен әлемге, Бәлкім соқыр болдым қатты беріліп жалған сезімге. Сеніменен аз болсамда жарты өмірім өткен сияқты, Осы өлеңді жазып жаным еске аламын өткен шақты. Недеп сөз бердің маған, бірақ сөзің болды жалған, Бақ құсымсың сен менің бақытымды ұрлаған. Әкесінің ерке қызы сезімді бағаламайтын, Ойнайтын, күлетін, ақырында жалығатын. Кешірмеймін ешқашанда махаббатты саттың сен, Неге үміт сыйладың егер мені сүймесең.
Қ\сы (Smitty) Жібер мені жібер сезімімді қайтар, Келбетіңді уақыт келді ұмытар. Жібер мені жібер бақытымды қайтар, Бәлкім жаңа махаббатым табылар.
(ШYNGYS) Жіберші мені жіберші, махаббатымды қайтар. Сенің кербез келбетіңді, уақыт келді ұмытар. «2-рет» (Smitty) Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер