Part 1: Сен күнде ойымдасың, түсімдесің, Қазіргі хәлді түсінбессің. Ішкі дүнием рухани кедей, Жүрмін мына сұр қаланы мекендей. Қашан да есімдесің, өңімдесің, Қалайша біреу күнім десін? Көз алдыңда күйік боп мен жүрсем, Қуанады ол егер мен өлсем.
қ/сы: Сағынамын сені жаным, сенсің ғой менің бағым, Өзіңді ойлауменен, жабырқаулы жатамын. Күнде түнде мен, Күнде түнде мен.
Part 2: Екі мың онда, басыма қондың, Содан бастап мен саған қатты ғашық болдым. Сол кездегі нағыз эйфория, Өкінішке орай қазір ностальгия. Бірақ, қайтаруға болады ғой сол шақтарды, Есіңе түсір сол кезде сені кім жақтады. Мастанба бұл дүниеге жалған, Оданда сен болашағыңды ойлан. Бұл - қайталанбас жастық шақ, Қараңғы өмірден бірге шығайық қолға алып шырақ. Сен және мен, автономия емес жеке ел, Визаның да қажеті жоқ жаныма еркінсіп кел. Күнде түнде мен, Ойша жүрмін сенімен. Сезімімді ақташы мен де саған сөз беремін, Тек өзің үшін \"Кербез\" өзгеремін.
қ/сы: Сағынамын сені жаным, сенсің ғой менің бағым, Өзіңді ойлауменен, жабырқаулы жатамын. Күнде түнде мен, Күнде түнде мен.