қ\сы: Сүйем сені жаным, Әсемім, Менің сенен алған әсерім. Өмірімді менің өзгертті, Оууу Бэйбам менің! Сүйемін сені. Ыстық жаз мезгілінде жаным сен менің жоқсың қасымда, Бұл недеген тағдыр өзі айырды бізді тағыда? Екеуіміздің арамызды бөліп отыр ұзақ жол, Мен қасыңда болмағанда жаным менің сақ бол! Есіңе алып жүр менің айтып кеткен сөздерімді, Қорықпа, Бэйба, әлі болам қасыңда. Әлі талай болашақта бірге таңды қарсы аламыз, Шыдау керек бәріне әлі осыны еске алармыз. Бәлкім бұл бізге тағдыр жазып берген сынақ та шығар? Бәлкім бұған шыдасақ біздің де бағымыз жанар? Жаным, бұл ғажайып махаббатты ұмытпа, Сен мені жоғалтпайсың ешқашан Бэйба қорықпа.
қ\сы:
Smitty part2: Менде білемін сені жоғалтпаймын ешқашан күнім, Өйткені сен әрқашанда менің жүрегімдесің. Таң атса да, күн батса да сен менің ойымдасың, Бізбен не болсада махаббатымыз жойылмасын! Хэй girl, сен менің өмірімді өзгерттің, Сен мені сүйетініңді дәлелдедің, көрсеттің. Мен саған сенемін жаным сенгенмін әрқашанда, Сенің жылы сөздеріңді мен күтемін асыға. Елестету қиын маған, бірақ мен елестете аламын, Мысалы анам сені «келінім» деп айтып тұрғанын. Күндер өте екеуіміз сол күнге де жете аламыз, Сабырлық керек бізге, әлі бақытты боламыз.
қ\сы:
Кейде күндер болып қалады екеуіміз келіспеген, Ондай кезде білесің ғой Алмастың қабағы түскен. Хех! Күлкінішті әрине кейін есіңе алсаң, Және де сол сәттерді елестетіп армандасаң. Өзің айтпақшы біздің әуендерді тыңдап алып, «Бәрі жақсы болады» деп, үй-жаным, менің сәнім. Рахмет саған Бэйба, сенің ата-анаңада, Рахмет саған мыңдаған, сенің махаббатыңа да. Сүйемін бір өзіңді, жаным Әсемім менің, «Әттең алыстасың» деп, түседі көңіл-күйім. Ешкімге сенбе жаным, тек сен махаббатқа, Және жаным біздің махаббатымызды ұмытпа!