Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

SMITTY/5FIVE - Кумир [prod. by SMITTY] | Текст песни

Жалықпаймын сенен...
Сезем, қосыламыз екеуіміз əліде
Сенем, бақытты боламыз біз бұл өмірде!

SMITTY/Part 1:
Байқадым, сезімді көме бастапсың ертеден,
Əрқашан маған суық көрінгің келед, неліктен?
Білемін сені еш қызықтырмайды менің бағытым,
Сенің сөзің бойынша бос өтуде уақытым.
Кедергі етті тағы кім? Бітірмеді деп мені дым
Араластырма жақындарды деп мың рет өтіндім!
Бұның не? Алайда мен əрқашанда кешіремін,
Өзімнен алыстатпау үшін жалғыз періштемді.
Ал смартфонда толы ол жайында видеолар,
Күніге көрген сайын жеп бітірді мені олар.
Бір жағынан жалғыздық, бір жағынан сағыныш,
Соңғы кезде сол қатарға қосылуда қызғаныш.
Өзіме қол жұмсаудан тəңірім мені сақтасын,
Керек етпейм басқасын, тіпті ойымды ластасын.
Бұл сырқат та басылар, білемін уақыт емші,
Сондықтан маған келші, себебі, жаным...

қ/сы, 2 рет:
Сен маған - бəрінен ерекше жансың,
Сен маған - бақыт силаған адамсың.
Сен маған - менің кумирым болғайсың
Сен маған - ауа мен судайсың.

5FIVE/Part 2:
Білмедім мінезіңді басында мен,
Шынайы бетпердеміз ашылды уақыт өте.
Жас болдық, махаббатқа мас болдық,
Ғаламторда сөйлесіп, жүруші едік мəз болып.
Сен мені сүйдің, мен сені, жаным,
Арада бөгет болмады, ештеңе тоқтатпады,
Əрине, керемет бұл, қарасаң бақылап
Айтқаным ностальгия, бұның бəрі өткен шақ.
Маңызды емес, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс,
Өкінетін жəйт арадағы үзіліс.
Менімен жүрмедің, мен сені түсінбедім,
Көзіме жас келед, мен саған кім едім?
Екі жүрек бірге болмайды, болмайды да,
Деп айтады кино да, алайда, сен тыңда!
Жүрегім күтед сені, шынайы сүйем сені,
Басқалардың жоқ керегі, себебі...

қ/сы, 4 рет:
Сен маған - бəрінен ерекше жансың,
Сен маған - бақыт силаған адамсың.
Сен маған - менің кумирым болғайсың
Сен маған - ауа мен судайсың.

Жалықпаймын сенен...
Сезем, қосыламыз екеуіміз əліде
Сенем, бақытты боламыз біз бұл өмірде!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-