SMITTY/Part 1: Бүгін Алакөлде сенімен SMITTY, Сен деп келеді сені көрмей кетпейм. Қуанышқа беттей, мақсатыңа жетпей, Бізбен бірге бол, тартыл, қалып қалмай шеттей. Достар қасыңда, сен жасыма, \"Демалайық біз Алакөлдің қасында\" деп, Достарымызды іздеп, жиналамыз бәріміз, Не болса да шын көңілден шықты мына әніміз. Білем жақсы боларын алдағы патидің, Алакөлдің арулары сұлу екен бас идім. Олай болса көрісеміз кешке біз, Демек, пати мықты болмақ, кешке де өшпеңіз! Ұста сен позитивті, қарама басқаларға, Ең бастысы жолап жүрме анау бір мас балаға!
қ/сы: Тек Алакөл! Демалыста бізге кел, Шет елдерге қаңғырып, ақша шашпа құр бекер. Арманда! Болмас онда бармауға, Алакөлді көргенде табиғатқа таң қалма!
ЖАН АХМАДИЕВ/Part 2: Басы бардың аяғы да бар, досым, Демалсақ та Алла біздерге жар болсын. Бүгін бізде пати, бүгін бізде демалыс, Пулеметті биттардан кетіп қалма сен алыс! Бұл жерге трэптің де, керегі жоқ свэгтің де, Сені билету үшін айтамын тіпті шет тілде. Тербелме, тербете алмайтын тректерге, Қонсын бұл трек жүректерге. Біз қыдырғанда көтерілсін көңіл, Ойда жоқта өтіп кетпесін мына өмір. Жалындаған жас кезде ойна да күл қарағым, Алакөлдің жағасында жайнасыншы жанарың. Ұста сен позитивті, қарама басқаларға, Ең бастысы жолап жүрме анау бір мас балаға!
қ/сы: Тек Алакөл! Демалыста бізге кел, Шет елдерге қаңғырып, ақша шашпа құр бекер. Арманда! Болмас онда бармауға, Алакөлді көргенде табиғатқа таң қалма!