Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Stalker - Кейіпкер | #KRP | Текст песни

Stalker - Кейіпкер

1.Тәңірім айтшы, қазір мен қандай кейіптемін?
Білесіңдерме, мендегі әңгіменің кейіпкерін?
Осы кезге дейін қоянның тонын киіп келдім,
Үш әріптің істегені жүрекке тиіп келді.
Жарамды тырналап жатыр, қайта-қайта қоймай,
Үңіліп қарап тұрад(ы) жалғыздық жанымды бойлай.
Бәлкім ойым теріс, енді сен менімен келіс
Болар емес тіпті тағдырға қарсы шығып керіс.
Керек кезде xәл сұрайтындар күн сайын артуда,
Қарсылас аңдып тұрад(ы), болмайд(ы) балшыққа батуға.
Әрбір жасаған қателігім маған шабыт береді,
Бір қанатсызда ұша аламын, болмай қалд(ы) керегі.
Ия, кім туралы бәлкім саған түсініксіз,
ӘКЕ үш әріптен құралған сөздің үстін сыз
Ия, ол кісі мендегі әннің кейіпкері,
Осы кезге дейін түлкінің кебін киіп келді.

Қайырмасы:
Қаншама алыстадым іштегі күйіктен,
Ұзақ уақыт ол өзгені сүйіп келд(і).
Мейлі тіпті қанша жақсы болсада,
ол ішпейде кейіпкер.
Қаншама алыстадым іштегі күйіктен,
Ұзақ уақыт ол өзгені сүйіп келд(і).
Мейлі тіпті қанша жақсы болсада,
ол бәрібір ішпейде кейіпкер.

2.Ия, келемін ішімдегі мұңды жырлап,
Ойланбастан істегені жарамды барад(ы) тырнап.
Жалғыздан жалғыз ішімдегіні ақтарып келем,
Ол туралы менің ойым, әлдеде терең.
Мәңгіміз дегендердің көрінбейді қаралары,
Далбаса әңгіме жан-жаққа тезірек таралады.
Білмеймін, бірақ алаңдаймын не нәрсеге?!
Отбасы дегенде боламын біртүрлі әсерде!
Ондай әңгіме баяғыда жұлып жеп тастаған,
Қабыл ал міне әнімді үш әріп деп басталған.
Сен менің бұл әнімді, жақсы деп бағалама,
Себебі, бұл - дерт жайлап болсын оңалама?!
Білемін, бұндайды қабылдай қоймайды қоғам,
Қараңғыда тыс қалад(ы) жарыққа шыға алмай олар.
Құлақтан сыбырлама, болды жетед(і) доғар!
Кезінде кеттіңбе енді келме дейм(ін) жоғал!

Қайырмасы:
Қаншама алыстадым іштегі күйіктен,
Ұзақ уақыт ол өзгені сүйіп келд(і).
Мейлі тіпті қанша жақсы болсада,
ол ішпейде кейіпкер.
Қаншама алыстадым іштегі күйіктен,
Ұзақ уақыт ол өзгені сүйіп келд(і).
Мейлі тіпті қанша жақсы болсада,
ол бәрібір ішпейде кейіпкер.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-