Әні: П. Ли Сөзі: Н. Даутова 1. Сен едің іздеген нұрлы ардағым менің бақытымсың келмес мәңгі маған жаным, Сен едің сезімнің жағып алауын менің аққуымсың егіз жүрек үні жаным.
Қайырмасы: Аққудай арманым, Қия алмай қарадым, Ақ таңның нұры жалғыз сен. Аққудай арманым, Бағыма баладым, Сағыныш сазы жалғыз сен. Аққудай арманым, Бағыма баладым, Өмірдің мәні жалғыз сен.
2. Сен едің тілдескен нұрлы ардағым бағыма бұйырмадың кайда сенің сертің жаным, Сен едің таусылмас саған жыр әнім сағымға айналдырған қиын тағдыр сыры жаным.
Қайырмасы:
Рэп:
Мен отырмын айлы түннің астында Жарық айға сыр айтуға асыға жаным, жаным Кеудемде жалын, жалын өртенеді Саған ғана сағыныштан жүрегім жылап жатыр амалым не? Ұшсақ та самғай,қанаттарымыз талмай Сен аққу мен сұңқардай Арамызда шалғай, Сезімге амал бар ма ай, Жүрегіміз бірге соқсын Қозы мен Баяндай.