Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Sunkar - Jan syrym (2012) | Текст песни

Жан сырым
Әні мен сөзі: Ғалымжан Молданазар

1. Сыңғырлаган нәзік күлкің жанымды жаулап алады,
Мөлдіреген қара көзің лаулаған оттай жанады,
Аққудайсың көлде жүзген кетпейсің бір сәт көңілден,
Ақ періште сәбидейсің қылығыңмен еліктірген.

Қайырмасы:

Таусылды менде төзім де тұра алмай қарсы сезімге,
Өшпестей қалды есімің таңба боп мәңгі жүректе,
Кім тыңдар менің сырымды, түсінер кім бар мұңымды,
Ғашық боп саған қалғаным, қалмады менің амалым.

2. Іздеймін сені мен неге асығам саған жетуге,
Сырымды ашып айтуға жетпейді-ау менің сөзім де,
Жалт етіп бір сәт көру үшін көзіме қарап тіл қатшы,
Жараланған,сан жылаған жүректі мынау жұбатшы.

Қайырмасы:
Рэп:

Жаным-ау сені аңсаумен,өтеді менің әр күнім
Білмейсің бірақ менің жүрегімнің тұңғиық терең бар сырын,неге?
Көңілім жоқ басқаға арман біреу ғана
Сенімен бірге болу ғана.
Қою-қою қара көздерің ойымнан кетпейді,
Шоқ болып жанып,от болып лаулаған
Жанымның айқайы жүрегімді өртейді.
Екіге бөлінген қос жүректі жалғайтын махаббат,
Тек сол ғана жаным,
Тек сол ғана бізді мәңгі болашаққа жетелейтін
Осынау бір әлемде.
Сенемін сен сүйсең болғаны,боламыз біз бірге.


Sunkar еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1