Сен ғана Әні: П.Ли Сөзі: Ә. Асылбеков 1. Таңғы жауған ақша қардай, гүлін жайған бақшалардай Ақ жүзіңе қараймын. Бұраң басып ырғатылған, кереметтей сымбатыңды Аққу құсқа балаймын. Сүйме мені сүйгін мейлі, сені шындап сүйгім келді Ақша таңдай арайлым. Сені көрген сәттен осы, іздеп жүріп тапқан осы Бақытым деп санаймын Бақытым менің сен ғана. Қайырмасы:Тапқаным да сен ғана, Ақ таңым да сен ғана, сені ғана аялайын Жарық күнімсің ақ нұрым-ай, Әсем жырымсың шаттығым-ай, Еркелеші мәңгі менің жанымда-ай О менің ақ гүлім-ай ай. 2. Жаным сені сүйген екем, жалыныңа күйген екем, Не десең де төземін. Маған сенің қымбат бағаң, керек десең бір зат маған Бар әлемді кеземін. Айналсам да мазағыңа, көнем барлық азабыңа Өртенсе де өзегім. Өйткені сен меншігімсің, көңілімнің көлшігісің Соны анық сеземін, Бақытым менің сен ғана. Қайырмасы: Рэп:Аяулы асылымсың сен ғана, Барым да сен ғана, нарым да сен ғана Басыма қонған бақ құсым-ай, Әнім де сен ғана, сен менің ғашығымсың, Ең сұлу сен ғана сен менің асылымсың. Жүрегімнің түбінде сені суытпаймын сені ұмытпаймын, Менен басқа өзгеге сені жуытпаймын сені ұмытпаймын.