1. Жанарыңнан ән көремін Жүрегің маған арнаған Қиялым ба әлде менің Алып ұшып самғаған Сезімімді табыстасам Жетеле өзің таңдарға Сен жанымнан алыстасаң Жете алмаймын арманға
Қайырмасы: Сен маған керексің Ерекшесің ерексің Сағынышқа себепсің Көрмесем егілген Сен маған керексің Өйткені сен бөлексің Жылуыңа не жетсін Жүзіңнен төгілген
2. Теңеуіңді сенің таба алам ба Дидарыңнан сәуле тарағанда Шаттанамын көзің маған Қадалып қарағанда Бір саған арналамын енді Сен болып қалағаным келді Сүйемін дегенің сенің Жаныма қанат берді
Қайырмасы: Сен маған керексің Ерекшесің ерексің Сағынышқа себепсің Көрмесем егілген Сен маған керексің Өйткені сен бөлексің Жылуыңа не жетсін Жүзіңнен төгілген