Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Tarlan, G-Had, MC ASA, Smerch (Жақау), Hazard, MC ALI, Biko, ШYNGYS [G.H.A.D] - Бір тудың астында | Текст песни

Tarlan

Шырағданның жарығына жазылған өлең болар бұл,
Жаңа жылға жаңа жыр сый етіп мен қайта оралдым.
Жайықтай қайта толармын, жайықтай қайта тасимын,
Тәңірден кейін жырымды тыңдар жұртыма бас идім.

Қақ төріне шық ас уйдің ұнаса біздің тағамдар,
Бізден мәні бар арнайы саған тәтті төрттағандар.
Асықпа, ас болсын және бағаңды бер , бағамда,
Құрмет жолдасаң бізге, құрмет, бауырым, саған да.

Аяқ асты етпей мұраны, ана тілмен жыр құрадым,
Қатарымыз толуда, жеңіске енді бір адым.
Шеберлерден құралған, шебі мықты, жойқын күш,
Жолбарысты мазаламаң , тыныш, кәне тшш…

Жау түрлері сесті неге, жүректерін кескілеген,
Дәл осындай жырды олар бұрын-соңды естімеген.
Мықтыларға бесті берем, төңірек те теңселер,
Жиылып бір тудың астына лайықты мс-лер.

Masta "Бір ту астында"

"Жуйеге қарсылық" таңдаған жолымыз,
Бір тудың астында белгіленген орнымыз.
Журекте пәк пиғыл, омірде нақ қимыл,
Ойлары оң достарға дайын құрмет пен сыйым.
Өзгеру қиын, пәкті таңдау одан да,
Тура амалдарың, қияметте болар қорғандай...
Тек нақ хақты, шырқырай жырлаттық,
Біздің әуенді естіп жамағат иманын тапты.
Туған тілім ардақты !
Құрдық тату одақты !
Ей әскер мені тыңда ! Бұзба енді тура сапты.
Қазақ, тұрма жөтеліп.
Азат туын котеріп.
Парасатты бол ісіңде бара жатсаңда өртеніп.
Осындай ниетпен бүгін міне бас қостық.
Ажырамасын әр-кез арамыздағы достық.
Ой бөліскен шебер - Сол баяғы МАСТА !
Сөздің соңы, "нүкте" !
P.S: G-HAD ОТБАСЫ !!!

Nasr "Бір ту астында"

Желбіретіп көк туды көкке білектер,
Байрақ баурайына жиналды жүректер.
Мақсаты бір, бір пікірмен ғана анық,
Ирек жол ирегінен жарыққы шыққан түлектер.

Алты алаш ел,
Шектеулі өмір.
Шектеулі барша әлем,
Патша, батыр, қаһармандар.
Шектеулі, сиқыршы, ғалым, пайғамбар да,
Келер ажал жан әкетер тіккен ту астарынан

Шайқасы бұл арамза мен хақ арасында,
Жапа шекпессің алаш қазақтың даласында.
Түнектен бас тарт, тек нұр аманат,
Тік тұр аласұрма, болмайсың бізбен жаман ат.

Ант етемін...
Күреспеймін ашу мен қаһар үшін,
Қожалыққа тигізбеймін сірә қол ұшын.
Шын билік тек тәңірге Алла,
Наданнан пәкті сақтауға бейім енді күшім.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-