Ең бірінші бұл өмірде қарыздармын Анама Жарық дүние сыйлап тәрбие берген санама Ауырмашы жан Ана өмір жасың ұзақ болсын Тілерім сол Алладан жүзіңізге күлкі толсын
Өмірдегі мен үшін ең қымбат жан бір өзіңіз Жақсылыққа апарады айтқан әрбір сөзіңіз Жаманымды жасырып жақсылықты асырып Осы жазған өлеңімді салдым сізге ән қылып
Кішкентайымнан сізге Анашым деп еркеледім Қызығына өмірдің тоймастан жер тепкіледім Асығып бұл өмірге есейсем тез деп тіледім Балалық сол кездердің қайтпасын мен білмедім
Тәрбиелеп дұрыс жолға аямайтын ақылдарын Адам болса екен деп тілейді тек балаларын Өткендерді сараладым ренжіткен кездерімді Қателіктер жасадым сұраймын енді кешірімді
Балалықты артқа тастап есейіп міне ер жеттік Алыстап бір өзіңнен қалаға оқумен кеттік Алдағы армандарыма қолымнан сен жетеледің Сен болмасаң жанымда білмеймін қайтер едім
Анашым мен бақыттымын болғанда сен қасымда Уайымдайсың біздерді болғасын да алыста Тереңінен тыныстап студенттік өмірдің Түсетіні болмаса кей кездері көңілдің
Өзге қалада жүріп танығандай оңды-солды Анық мақсаттар қойып созамын тек алға қолды Кешегі кішкентай балаң бүгін міне жігіт болды Бастысы адам болу таңдадым мен осы жолды
Бір өзіңіз себепкері осы күнге дейін жеткен Қалмасын деп өзгелерден біршама еңбегің кеткен Мәңгі ұраным етем сіздің айтқан сөзіңізді Алғысым менің шексіз сыйлаймын тек өзіңізді