Сен келерсің бір күні мен асыға күткенде Қуанармын сонда мен саған қолым жеткенде Сағынумен өтті күнім сеннен жырақ кеткенде Сен жоқ кезде болғандаймын сезімсіз бір бос кеуде
Бір өзіңмен сезіндім мен махаббаттың не екенін Шынайы пәк сезіміңмен жүрегімді тербедің "Сүйем алыс болсаң да" есімде солай дегенің Қаламадым арамызды шақырымдар бөлгенін
Болмасаң да қасымда әркез менің ойымдасың Мазалаған жігіттерің енді мені мойындасын Оралғасын жаныма менімен мәңгі боласың Білемін бұл өмірде сеннен сұлу табылмасын
Сенсіз өткен екі айым екі жылға тең келгендей Жалғыздықтан жабығып күй кешемін сенделгендей Сен туралы көп жазамын түнде ұйқым келмегендей Бере алмайды өзге жандар сезімді дәл сендегідей
Өтіп жатыр күз мезгілі жабырқаулы көңілсіз Сарғайған сол жапырақтар түседі кеп жерге үнсіз Қинайтыны мені жаным арамыздын алыстығы Ойланбай басқан менің қадамымның шалыстығы
Уақыт өтіп болмайды әр күнімді санаудамын Тезірек өткенін қалап сағат тілін бұраудамын Болашақты да қиялдап жоспарлы құраудамын Алладан тек тілерім қалмасын боп құр арманым
Біздегі бұл махаббат өзгелерден ерекшелеу Сенің сұлу келбетіңе болмағандай лайық теңеу Мен үшін тек дәл қазір жаман қылықтарға ермеу Адал болып махаббатқа өзге өзге орын бермеу
Келіп менің қасыма болшы маған жаным демеу Қалаймын тек өзіңнен келгеніңді маған дереу Сүйгенім тек бір өзің жүрегімде сезім біреу Күтемін тек сол кезді мәңгілікке қайтып келер