Өзендей сарқырап, таласып аққан қан мен жасқа себепші болды ызғары Қатігездік пен зұлымдық - ұмытылмас соғыстың сол тұстары. Қайраң, қазағым, көрсеңде азабын - дұшпанға туыңды жұлғызбадың, Енді ұл-қыздарыңа мәртебе кеудеңе тағылған жұлдыздарың.
Кетті ізін суытып қаншама сарбазың аңсаған отбасының құшағын, Сәбиді жетім, әйелдерді жесір етті сұрапыл соғыс ошағы. Әлі күнге дейін әрбір ардагер жүрегінде баяғы мұң бар - Күәгер болғаны көзін жұмғанда қара нанды бөлісіп жеген ұлдар.
Таңның атысы күннің батысы өткенше өтіп жаумен алысып, Қазақ баласы байтақ панасы - киелі жер үшін қанын ағызып, Қаншама күнді қарсы алды - еңбегі алтын бүгін өзекті аңыз Енді жерімнің әр уыз топырағын сақтау - біздің перзенттік парыз.
Бұл күнде бейбітшілік, тыныш заман - ата-бабам, сенің еңбегің Ұрпағың бұл күнді көргені - жүректе соғыстың жарасын емдеді. Мақтанышпен есімдеріңді атайды үлкен, кіші буын, Батыр елім, алғыс, енді мәңгі желбіресін жеңіс туы.