Жанның қалауы осы болса, оған жоқ төтеп, Жеті нота бойымды алды ләззатқа бөлеп. Бұл бағытты таңдауыма керек болған жоқ себеп Керек болған жоқ себеп...
Ритм бер маған - freestyle дайын, Рэпте жүз сексен ұстаймын дәйім, ман. Бұл менің әлемім - себепсіз бағыт, Кетсе де өнерге көп diamond time. Қалыптасты стиль лайық есіміме, Бұл жанған стильдың оттай иесі міне, Түнек басқаннан атар таңға дейін Музыка жүректе - тыңдарманға бейім. Жеті нота, қырық екі әріп - осы ғана керемет әуеннің құпиясы. Тербелсе қолың биікте бері-әрі, демек параққа бекер жұқпады эмси сиясы. Алпыс екі тамыр таратты жылдам, бойға сергектік сезімін сыйға тартып. Бағыт дамуда әр жылға жылдан, ал мен жаңа мектептен әкелдім сарқыт. Хас шебері ұйқастың, TIMMY - тасқын, Жаспын бірақ та, таспам жарып шықты тіпті тасты. Мен үшін де де шекара емес аспан, Бастым play-ды - музыкаға маспын. Бір такттан жүгірдім бір тактқа, Бұл тақпақ? Пікіріңді ұнтақта! Ұрпақтан таралады ұрпаққа, Рэп хандық болса TIMMY тұр тақта.
Жанның қалауы осы болса, оған жоқ төтеп, Жеті нота бойымды алды ләззатқа бөлеп. Бұл бағытты таңдауыма керек болған жоқ себеп Керек болған жоқ себеп...
Есімде өнерге кіріп келгенім, Расында көп еді ол кезде менде мін, Сонда да сөнбеді жүректе сенім, Себебі намысы жоғары пендемін. Келсекте рэпке біз дайынға тап болып - ардагерлер еңбегін сыйладым, Қазір дамуды біздің жас топ, алайда өз қатарыма мен сыймадым. Бұл әлем есігі ашылды балалық шақта, Сол кезден қара сияны параққа жаққам, Уақыт өте келе қызығашулығым тұрақты іске айналды еліктемесемде құрама штатқа. Сөз құны басты - тіпті өткір пышақтан, Мәтіндерім құлаққа енді жылдам ұшақтан, Миды шынықтыру пайдалы мың есе push-up-тан, Музыка мені жіберме, шығарма құшақтан. Біздің өнер бөлек дүние, Бір күні бұл дыбыс сенің де енеді үйіңе, Не болса да жетеміз Америка деңгейіне, Дайын болсаң тезірек құлаққабыңды бейімде. Мен тайынбаспын өз жолымнан Фортуна тартпаса да қолымнан, Дұшпандар қалмаса да соңымнан Жұлдызым туады тек оңынан.
Жанның қалауы осы болса, оған жоқ төтеп, Жеті нота бойымды алды ләззатқа бөлеп. Бұл бағытты таңдауыма керек болған жоқ себеп Керек болған жоқ себеп...