Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

TIMMY DIGGLE - СЕН ЕМЕС (SINGLE) | Текст песни

бір сәтке сезімнің соңғы тамшысы да
дірілдеп ғайып болды
енді кенеттен мен оң сен солды таңдадық
кезекті атар бізге таң жабық
тек сірә бекер екеуміз бал ғұмырды аңсадық
менің денемді кернеді қарғыс атқыр қан қысым
сен тек миды тепкен есірткі тектес адамбысың
жалғызым деп ойлағанда тек жан дара
кеттің бір өзің деген жүрегімді оттай жандырып
біз екі адамдай естен таңған
дамыған тағы лезде сезімнен қалмады ештеңе
сақтағын мәңгі есте:
қайта келмес кешкі 5-те кездесуді сенбіде.
істе қалағаныңды, бірақ маған енді жолама!
сен амалдың жүздеген түрін табасың
мені жіптермен байлама,
қарсы айлаңа амал таптым әттең мен.
дәмеленбе қауышам деп бірге өткізген сәттермен,
өртегем баяғыда өлеңдерді сен деген қосып дәптермен.
енді тек елес саған құшақта бұралған шақтар -
мен сенен алыстадым секілді құрама штаттар.
сен өзің кезінде таңдадың бағытты
секілді бөсіп алаяқтар
енді сөзің бір тиындай - болды, ауызыңды жап, бар...

текке кеткен уақытты қайтар
сен емес сезімді ұлғайтар
мен емес мұңдарыңа себеп
сен емес тек маған сын айтар

тағдырдың қосқаны ма, ойындары қозғаны ма?
түсінбедім себепсің бе бақытқа әлде тосқауыл ма...
не болса да түнде сағынғанда айға босқа ұлыма,
сен едің себепші сенен әрі қарай қозғалуыма.
сен үшін үзген гүлдерім - бекерге үзілді
сол гүлдердің орнында сен көруің керек күзіңді!
мен түсіндім, өмірімдегі бұл үзінді -
ашты көзімді, сонда мен тек бекерге күрсіндім.
енді сен атқан таңды
жалғыз қарсалғанда
түсінесің өмірің айналғанын тас талқанға
біздің шынайы бақытқа уақыт аз қалған да
бас тарттым, таба алмадым басқа амал да...
табамын деп өзіңді әнімнен келесіде үміттенбе
енді ұмыттым, ұмытпады әлі деп сен күдіктенбе.
бүліктен де арылдым сен дегенде келер
енді ол жоқ мүлдем.

TIMMY DIGGLE еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1