Сен менің шырағым ең жаққан Қарсы алсын шуағыңмен ақ таң Қол жайып сұрадым мен хақтан Бағыңды жақсын тəңірім Ақ қызым өмірдегі тəттім Өсірдім мəпеледім бақтым Бой жеттің сыңарыңды таптың Не дейін саған жарығым
Еркем Еркем Еркем Осы əніммен жан сырымды шертем Жатырқама ол да сенің өлкең Қадірлі бол барған жеріңе Ертең ертең ертең Қосағыңмен бірге жайып өркен Иманың мен мінезіңмен көркем Бақыт сыйла барған еліңе
Ұмытпа бұйрығы мен хақтың Анаңның берген тəлімін Алдыңнан күліп сонда шат күн Еліңе артар қадірің Жарыңның бола білсең досы Табылар көңілдің қошы Ініңнің ақ тілегі осы Өмірден бақыт табуың