16 жыл өтті асқар тауым құлағалы, 16 жыл өтті анам іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Ән саламын сағынғанда өзіңді, Жебеп жүрші әке туган баланды. Өзің едің мына өмірде тірегім, Жалғап келем Алла деп ізіңді.
Тәрбиеңді көріп өстік жасымнан Ешкім сендей сипамаған басымнан. Түсіне алмай қалдық әке артыңда, Кетуіңде болды -ау бізге тосыннан. Туады ерлер елін қорғау үшін, Жаралған сұңқар биік самғау үшін. Мен келдім дүниеге сенің, Әке, Үзілген өміріңді жалғау үшін
Алла салды басымызға сынақты, Жиі еске алсын деп пе жылатты. Қайғысы мен қызығы көп өмір –ай Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.
Сен менің орындалмас арманымсың, Түсіме жиі кіріп мазалайтын. Тағдырдың жауабы жоқ жұмбағысың, Жүректі құпия боп жаралайтын.
Асылым, асқар тауым, ардағымсың, Мен сені бақытым деп бағалаймын. Сен менің нулы қалың орманымсың, Мен бірақ жалғыз өскен қарағаймын.
Өмір сүрсең қайтер ед балан үшін? Жалғыз ғана балаңның қызығы үшін? Мені қиып бақиға кететіндей,