Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ToLiKsky**& ALYSKAK - Тун дегенде иланам | Текст песни

Көрдім-көрдім, көздеріңнен тұңғыйық,
Бір тамшы жас, үзілместей тұрды ұйып.
Жанарыңа мөлдіреген моншақтай,
Мөлтіл «шықты» тағы кетті-ау, түн құйып.
Түн. Ғашықтарға ләззәт дәмін сыйлаған,
Біреулерге бөлісуге бал шырыннан қимаған.
Құдіреті түннің міне осында,
Махабаттың патшайымы, түн дегенге иланам.
Сұранамын, түнім сенен, сый беремін кәделі,
Көз алдымнан жоғалмасын, Сымбат сұлу әдемі.
Бойында оның, болса сезім менікіндей тұп-тұнық,
Кездесерміз, сол орында сөз байласқан уәделі.
Түсіме еніп, жымиғаның қуат берер, сол түннен,
Әсеріміз арта түсер, толқын соқса толқынмен.
Есік қақпай кіріп келер, сәтті тосып, толғанам,
Сылаңдаған сұлу мүсін, күміс күлкі шолпыңмен.
Ерекшесің, жан емессің, көптің бірі кәдімгі,
Келіншексің, жаның жібек, жүзің жылы жаз үнді.
Болмысыңа ғажап қалған, осындағы бір адам,
Бір күн көрмей қалған екен, өзіңді әдбен сағынды.
Қалай барып сырымды ашам, жүрегімді қинаған,
Сендей ғана бола қойсын, ортасына сыйлы адам.
Көзін қадап, сенің түпсіз жанарыңа мойылдай,
Алдыңда тұр, бір азамат сені жатқа қимаған.
Жүрмін сені ұнатып, ішіңнен де сыртыңнан,
Жүрегіңе қызығам жұдырықтай, сыр тұнған.
Жастығыңның барында ойнағанға не жетсін,
Есте мәңгі қалатын бірге жүріп, бір тұрған.
Жазды күні болып ед, таныстығым сізбенен,
Зымыраған уақыттай, бітіп қапты-ау, күз деген.
Бірақ, жаным ұмытпа, сақта есіңде әрқашан,
Бір адамның жүргенін, тек өзіңді іздеген.
Жымиғаның жәй ғана, келіскенің емес пе?
Әлде менің күткенім, орындалмас елес пе?
Екі ортадан жарасып, ыстық сезім тұтанса,
Сонда гана болатынбедик бакытты биз.


ToLiKsky**& ALYSKAK еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2