1. Жоқ мен білмедім бұлай болатынын, Мен тағы ғашық болдым сондықтан әңгімем қызық. Ол туралы айтсам қарапайым қыздың бірі, Ол менен кішкентай екеніне де жұмдым көзді.
Шынымды айтсам сүйкімді, Ал кейбір қылықтары тартады күлкіге. Ол нағыз періште, ренжіп қалад лезде, Оның пәк екені көрінед көздерінен.
Өткізгенде күндерді түнімен студияда, Ол сені уайымдайд мыңдаған қоңыраулар. Жүздеген оқылмаған СМС-термен, Атады таңдарың үйге жолды іздеумен.
Келесі күні қайтадан кездесеміз, Жүрек қатты дүрсілдейді ал біз лифтте сүйісеміз. Егерде осы өлеңді тыңдап отырсаң қазір, Сенің екі бетің қызанақтардай қызыл.
Қайырмасы:
Білесің ба көздерің дуалап алды мені, Мен бөтенмін, мен өзгердім. Сондықтан махаббатпен осы өлеңім байланысты, Сүйетінім сені рас сезімдерім саған ыстық.
Бекерден-бекер шығармаймын мен өлеңді, Өлеңдерім, сезімдерім. Саған деген парақ бетіне түсетін, Жүрегімді ұсынамын жоғалтпасаң жетеді.
2. Мен нағыз махабатты армандаймын, Деп айта алмаймын оны мен тапқандаймын. Осы өлеңімде бір кітапты жазғандаймын, Авторы мен боламын кітап махаббат жайлы.
Жеткізе алмаймын сөзбен тіпті өлеңменен, Бәрін өзің түсінесің қарағанда көздеріме. Өлеңдерімді түнде жазғаным тиімді, Ал сен ұйықтап жатсың құшақтап Теддиіңді.
Бақыттымын болғанымда сен қасымда, Мен сені қатты сүйем жүрегіңді сыйлайсың ба? Лифтті тоқтатып тастап, Біз тағы сүйісеміз беріліп құштарлыққа.
Өлеңім сен туралы, Көздерім менің қызыл ал ондай боп тұрады. Егерде осы өлеңді тыңдап отырсаң қазір, Сенің екі бетің қызанақтардай қызыл.