Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

TT top - Аяулым "КҮН" | Текст песни

ТТ топ - Ауялым

Есімде әлі сол жылдар, айлар мен күндерім.
Өнер өмір ағысы, алға тартқан ілгері.
Сен бір маған ғашық жансың байлаған үмітін,
Тағдыр салған кездесу, бойжеткен мен жас жігіттің!

Айлы түн, тұнық кешінде,
Өзіңді көргенім алғаш есімде,
Көз тоймас неткен сұлулық,
Таң қалдым, тамсандым!

1. 2010 жыл, Ақжайық алаңында
Өнер сыйлап халқыма, ештеңе жоқ ойымда
Сол күнді білемін ұмытылмай есте қалды
Кездестіріп өзіңді, таныстығымыз басталды!

Сол таныстық әрі қарай достықпен жалғасты,
MMS арқылы жиі, суретпен алмастық,
Есіңдеме саябақ, сондағы кеште
Кездесуді жазыпты, тағдыр бізге сол кезде

Енді біз біргеміз, болайық мәңгі.
Бола берсін көшеде, көктем жаз қыс мейлі
Байқамаппын да сезбеппін арты не боларын,
Шын сүйгені болыппын, өзім сүйген жанның.

Сені күнім дейін десем күннің бетін бұлт жабады,
Сені айым дейін десем ертесіне таң атады,
Өмірім дейін десем білесің өмір жалған,
Мен үшін сен сыйысың тәңір жалғыз жаратқан!

Қайырмасы:
Аруымсың менің аңсаған,
Сұлулығыңа мен тамсанам,
Сүйіемін деп жаным сені жар салам,
Аяулым Аяулым!
Көрмесем өзіңді сағынам!

2. Арамызда шақырымдар Орал мен Алматы
Жеткен болар sms тілегімнің хаты
Түніменен жазылған енді міне таңда атты
Туған күнің құттықтаймын сүйемін сені қатты

Сүйемін сыйлаймын өзгелерден тым бөлек
Қыдырамыз киіп ал, әдемі сәнді көйлек
Бір сөйлеп бір күліп айнаға қарап таранып
Бұл әлде елес, жүрмін сені сағынып.

Сен жоқ болсаң жанымда мен де бір қаранып,
сен келіп қалатындай жәйләп есік қағып,
Үмітім үзбейді,келердей тосын сыйдай,
Сен деп соққан жүрегім барады сыймай.

Осы әнім жаным саған, туған күнің құтты болсын
Жүректен шыққан сөздерім, жүрегіңе барып қонсын
Тілерім енді,қайда барсаң жолың болсын
Жүрген жеріңде жаным ойың тек менде болсын!

Қайырмасы:
Аруымсың менің аңсаған
Сұлулығыңа мен тамсанам
Сүйіемін деп жаным сені жар салам
Аяулым Аяулым!
Көрмесем өзіңді сағынам!

Айлы түн, тұнық кешінде
Өзіңді көргенім алғаш есімде
Көз тоймас неткен сұлулық
Таң қалдым, тамсандым!

Қайырмасы:
Аруымсың менің аңсаған
Сұлулығыңа мен тамсанам
Сүйіемін деп жаным сені жар салам
Аяулым Аяулым!
Көрмесем өзіңді сағынам!

Еркелікпе еркектікпе өзіңе дара тұлғамын
Сәби сүйгім келеді дәл өзіңнен жаным
Сол арманға жетейік тәңірден тілек тілеп
Дәл осыны тілейді саған ғашық жүрек!

TT top еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1