1. Әлди әлди құлыншағым, атасының ізбасары Әжесінің еркесі, бейбіт елдің ертеңі Болашағың жарқын, құшағың болcын кең сенің Парасатты ұл екен деп, айтып жүрсін ел сені!
Балдай тәтті қылығыңа сүйсінемін тамсанам Бір өзіңе періштем әлдиім деп ән салам Түнің тыныш болсын, арайлап атсын таң саған Қолың жетсін мақсатыңа, арманыңа аңсаған!
2. Әлди әлди қызғалдағым, бір өзіңсің ізгі арманым Қызым менің қылықты өмірімнің ажары Ұйықта қызым қасыңдамын, маған қажет жымыйғаның Бақыт байлық мен үшін мойыныма асылғаның!
Еркелейсің күлімдейсің сүйкімдісің тәттісің Өміріңде көп болсын күндердің ең сәттісі Өмірдің алма кезек жұмсағы мен қаттысы Үмітімді қызым ақтағайсың бастысы!