Өмірлерін өткізді арпалыста - Аптап ыстық пен аяздың арасында. Ұзақ күткен көктем келіп жылынғанда Жау да шапты жұттан әрең шыққанда
Аянбай аяқты басып алға, Алдырмай бойды ешбір қорқынышқа, Өмір деген бір мәңгілік айқаста Жеңіп шықты бәрін де соңында: Даланың күші болды қолдарында, Намыс деген бір Рух болды бойларында, Жалғыз Мақсатпен шығып олар жолға - Алды Жеңісті ұзақ айқаста
Мына әлемде бәрі де тең болғанда Әлсізді күшті жұтатын заң алдында, Мына өмір бізге сыйға тартылғанда - Біз де өмірге тұрарлықтай болуға
Аянбай аяқты басып алға, Алдырмай бойды ешбір қорқынышқа, Өмір деген бір мәңгілік айқаста Жеңіп шығатын бәрін біз ғана: Даланың күші біздің қолымызда, Намыс деген бір Рух бар бойымызда, Жалғыз Мақсатпен келдік біз де осында - Алуға Жеңісті бұл айқаста!!!
***
Тереңдегі ғасырлар қойнауынан Жетелеп келген бізді бар бір Арман - Жарқыраған ертеңге құштар болған - Бізге бұл өмірді сыйға тартқан