Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Tuma - Kiyndykka moiyma | Текст песни

Қиындықтың айдауында,
Ұзын қамшы астында,
Жұдырықтар жығылғанда
Ауыр жара салғанда.
Айтуға сөз болмағанда,
Терең мұңға батқанда

Екі аяқ жерден тұруға,
Ал, екі қол биік созуға,
Екі көзің алға қарауға,
Қиындыққа, Досым, мойыма!!!

Суды кешіп ақ жауында
Жалғыз аяқ тар жолда
Бүрсең қағып жаурасаң да
Түнгі қара суықта
Тайғанақтап құласаң да
Езілген ми батпаққа

Екі аяқ жерден тұруға,
Ал, екі қол биік созуға,
Екі көзің алға қарауға,
Қиындыққа, Досым, мойыма!!!

Бой алдырма қорқынышқа
Қараңғыда, жалғызда,
Уақыт созба қалқасында
Бос тығылма бір ықта
Жалтаңдама оң мен солға,
Белді бума қайтуға...

Екі аяқ жерден тұруға,
Ал, екі қол биік созуға,
Екі көзің алға қарауға,
Қиындыққа, Досым, мойыма!!!

Жол талғама жатсын алда
Ой да, қыр да, жазық та,
Бос тоқтама тұрсын алда,
Тау мен тастан қабырға
Белгілі ғой айпасам да -
БАРЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫҢДА...

Екі аяқ жерден тұруға,
Ал, екі қол биік созуға,
Екі көзің алға қарауға,
Қиындыққа, Досым, мойыма!!

Tuma еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-