Түнгі салқын дала, Жұлдыздар жоқ, Ай да, Түстім мен де енді Тұман құрған торға. Білмеді жел қайта, Барар жерін қайда, Солай орын берді Төмен түскен бұлтқа
Таңмен сейілер, Көзге көрінер, Күмәнға толы Түн жамылған жер. Асықпай бекер Белгі көрсетер Сеніммен алға Жүргендер жетер.
Түнгі салқын дала, Жұлдыздар жоқ, Ай да, Өтті күндер қанша Тұман құрған торда... Қалмаймын мен мұнда, Бұрылмаймын артқа, Іздеп сені қайта Шықтым иір жолға...
Таңмен сейілер, Көзге көрінер, Күмәнға толы Түн жамылған жер. Асықпай бекер Белгі көрсетер Сеніммен алға Жүргендер жетер.