Мен сені ұмыта алмадым, Өзгені ұната алмадым. Сені деп соғып жатқан, Жүректі жұбата алмадым. Тағдырдың сынағы ма бұл, Өмірдің сұрағы ма бұл? Жоқ әлде жан төзгісіз, Махаббат азабы ма бұл?
Сағыныш сазы өртеді, Жүректің жан жарасын. Жаным-ау,қайда жүр едің, Ғайып боп көзден таясың. Мазалап күнде елесің, Көз алдымнан кетпейді. Түсіме жиі кіресің, Қинама,жаным,мені