SMITTY/part 1: Сенің сұлу көркің, есімнен кетпей, Жүрегімді жараладың жандым ыстық өрттей. Пәк сезімді төкпей, одан асып өтпей. Махаббатым маздай, маған жауап жазбай, Кете бердің, алыстадың қайғы-мұңым аздай. Қайта оралшы бағым, қыстан қайтқан қаздай.
Қарсы жүріп желге, басқаларға сенбе, Мен бармын адаспа, өзгеге мән берме. Сүйем сені мен де, сүйші мені сен де. Есіңде ме жаным, саған салған әнім, Ұмытайық өткен, ұрыс-керіс бәрін. Аспандағы жұлдыз бір өзіңсің әлі, сен.
Жақсыбек Жәнібеков/қайырмасы: Жұлдыз аққан аспаннан менде мұң, Еске алып келем бір өзіңді!
ЖАН АХМАДИЕВ/қайырмасы/2 рет: Бұл махаббат мәңгі, жаулап алды тәнді, Бәз біреулер бас ұрады аруларға сәнді. Біреулер қуанды, ұмытып күмәнді, Есте болсын сезім деген жалғаспайды мәңгі.
SMITTY/part 2:
Құлақ сал сөзіме, дайынмын төзуге, Асығамын келбетіңді тағы бір көруге. Асықпын өзіңе, ғашықпын көзіңе. Неге мені сүйдің, намысыма тидің, Бір сен үшін махаббатың мазағына күйдім. Қалай сені қидым, пәк сезімді тыйдым, мен.
Қарсы жүріп желге, басқаларға сенбе, Мен бармын адаспа, өзгеге мән берме. Сүйем сені мен де, сүйші мені сен де. Есіңде ме жаным, саған салған әнім, Ұмытайық өткен, ұрыс-керіс бәрін. Аспандағы жұлдыз бір өзіңсің әлі, сен.
ЖАН АХМАДИЕВ: Жұлдыздар жылайды, көктен жерге құлайды Смитти неге мұңайды.
Жақсыбек Жәнібеков: Еске алып келем бір өзіңді!
ЖАН АХМАДИЕВ/қайырмасы/2 рет: Бұл махаббат мәңгі, жаулап алды тәнді, Бәз біреулер бас ұрады аруларға сәнді. Біреулер қуанды, ұмытып күмәнді, Есте болсын сезім деген жалғаспайды мәңгі.