Отырмын тағы жалғыз қалам, дәптермен сырласып, Тағы да қара түн өтуде сенсіз жалғасып. Бір ойым өзіңде, қайда екенсің осы сәтте, Қасымда болсаң ғой бір сәтке, шіркін-ай, әттең. Өкініш кеудеде, келмес күндер сағымымен, Жалғасын табуда уақыт, шіркін, ағымымен. Сенің өз өмірің, менсіз құрған болашағың, Кеудеде жаны жоқ, менің сұлу қуыршағым. Өзіңмен өте қиын, өзіңсіз жеңілдеу, Алдағы мақсатым – бұл сезімде жеңілмеу. Бос жүріп үйренген бостандықтың бақыт құсы, Сен келіп аялдаған өзгерді ғой айдын түсі. Мәңгілік күз айы көгермейтін бақшасымен, Келмеске кетті көктем, қимастықпен қоштасып ем. Қайтерсің, сезім ғой алдамшы атақ алған, Өрнегі еріді қыста кеп қырау салған. Отырмын тағы жалғыз қалам, дәптермен сырласып, Тағы да қара түн өтуде сенсіз жалғасып. Бір ойым өзіңде, қайда екенсің осы сәтте, Қасымда болсаң ғой бір сәтке, шіркін-ай, әттең. Өкініш кеудеде, келмес күндер сағымымен, Жалғасын табуда уақыт, шіркін, ағымымен. Сенің өз өмірің, менсіз құрған болашағың, Кеудеде жаны жоқ, менің сұлу қуыршағым.
Қайырмасы: Ақ шағала, ақ шағала, сені күтіп көп қараймын далаға, Ақ шағала, ақ шағала, менің жүрегіме келіп панала. Ақ шағала, ақ шағала, ақ шағала, ақ шағала.
Сұлулық әлеміне көңілім қызба-құштар, Көліме қонуда ұшып кеп өзге құстар. Бөлісу мүмкін емес жоғалған сезімімді, Жартылай жазыппын жүрекке есіміңді. Суретшінің салған өте сұлу туындысы, Иттердің азығы, әр табақтың жуындысы. Құбылып барасың, баға жетпес қазынам, Мүсіні бейнеленген кең даланың сазынан. Қайтемін, көңілімді ұнатқан көбелек те, Бір қонып шырынымды сорды да, ұшты кетті. Жәндіксің, қуыршақ, соған көздерім жетті, Бақшасын мекендеген ақ сүйек байдың текті. “Қырық үйден тыйым қыздарға”, - бабам депті, Бұл сұлу қыстырды ерніне шылым шекті. Тоздырды көшені, тоздырды төсекті, Байлады арқандап мүйізді бір ешекті.
Қайырмасы: (x2) Ақ шағала, ақ шағала, сені күтіп көп қараймын далаға, Ақ шағала, ақ шағала, менің жүрегіме келіп панала. Ақ шағала, ақ шағала, ақ шағала, ақ шағала.