І. Мамандық дәрігерлік айтылатын бар мәселе Болашақ дәрігерміз ертеңгі күнге сенген Шағын ғана қайықтар медицина болса кеме Жеткенше жағасына қиындықтың бәрін жеңе
Біз келеміз ақталады кеткен сонша уақыттар да Біз сенеміз мақталады жетсек сонау бақыттарға Босатып жыр жазамыз ерік беріп шабыттарға Дәрігерлік маман емес табатындай жатып пайда
Кешегі күндер қайда? еркелігі балалықтың Армандап, жоспар құрып ертеңіне боламыз кім? Енді мәне мың ауыр сын қиялдайтын мамандықта Ақ халатты абзал жандар қия алмайтын жамандыққа
Меңгеріп медицина тартысы көп сан саласын Игеріп дұрысынан ұлы істі бастағасын Өзгелер тастамасын анық басып қадамдарын Болашақта біздер ғана түсінетін адам жанын
ІІ. Алғысым шексіз менің Ақтөбе бұл қаласына Үйреткен мәтін жазу рэпті қосып санасына Сенген ерке баласына үміттерін ата-ананың Ақтау енді парымыз дәрігер, ия, мен боламын
Шаршамасын тек қаламым рэп және рецептте Алда әлі мен жазамын саулық тілеп пациентке Жазылған әр трекке қосып жалпы медицина Мағыналы жасап бәрін қылсам сірә вакцина
Болашақ дәрігерлер алға қойған мақсаттары Бөлініп әр салаға жан-жақты жасап бәрі Шықсын тек жақсы аттары үздіктердің қатарынан Білікті білімімен көпшіліктің арасынан
Аяулы шын достарым және жақын жолдастарым 2 жыл бірге оқып болған бауыр-құрдастарым Дәрiгер ел жастары сәттілік тек барлығына Абыройлы қызмет етіп халықтың денсаулығына.