Мариям Жагорқызының əні Мариям Жагор деген орыс қызы Он алты, он жетіге - келген кезі Қазаққа Дудар деген ғашық болып Сондағы Мариямның айтқан сөзі Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе Жеріңе уағда айтқан келмедің бе? Жеріңе уағда айтқан келмей қалып Мариям заты орыс деп сенбедің бе? Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір Басыңа камшат бөрік жарасып жүр Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел Орныңа өңкей жаман таласып жүр Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Қолында Мариямның өткір қайшы Қағазға Мариям аты жазылсайшы Қор болып бір жаманға кеткенімше Алдымнан қазулы көр табылсайшы! Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым