Бүгінгі күн – мен үшін қаралы күн,
Жазықтымын һәм науқас, жаралымын.
Маскүнемге серік боп кеткім келді,
Дәмі қандай екен деп арағының.
Берді ғой деп жаратқан тілегімді,
Жарық қой деп адастым түнегімді.
Ие бол деп ұсынсам ып-ыстық қып,
Итке турап тастады жүрегімді.
Қалдым мен қуыс кеуде адам болып,
Ойым – ойран, ми – мәңгіп, санам – солып.
Бақыт деген құс дейді басқа қонар,
Ол құс болса қайтеді маған қонып?!
Жүрегімді тастадым жерледім де,
Айналғаным жақсы еді көрге мүлде.
Мені сүйген сорлы еді,– дей жүрерсің,
Жүрегі жоқ біреуді көргеніңде.
Бүгін менде көз – соқыр, көңіл – сынық,
Айналамды жайлапты небір шірік.
Өмір сүрдім жиырма жыл
Енді солай
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп.
Бүгінгі күн – таттым мен тозақ дәмін,
Айтқандай-ақ ащы екен азаптары.
Махаббат жоқ, – дегенге сенбеңіздер,
Махаббат бар!
Бірақ та мазақ бәрі!
Махаббат бар!
Сенбеңдер жоқ дегенге,
Сор боп төніп тұрады ол нақ төбеңде.
Жоқ! – дегендер дені сау, жүректілер,
Бар! – дегендер... көнбейді әттең емге.
www.qamal.kz еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1