[kazVIP.kz]
Жыламаңдар, қыздар-ай, жігіт үшін
Кім сені, ренжіткен бұлай, көкем?
Көздің жасын көл қылып бұлайды екен.
Жарты әлемді өзіне жалт қаратқан,
Сұлу қыз да осылай жылай ма екен?
Жаныңның жарылысын ұғады кім :
Дәл қазір көгіңдегі «құлады күн».
Түсіне алмай дал болдың : неге, кенет,
күл талқан боп қирады қиялың тым?
Жақұт моншақтарыңды төгіп, шашып,
Жыламашы егіліп, жаның жасып.
Жылай берсең, қуарып гүлдей өңің,
Ажарыңды кетеді әжім басып.
Жыламашы, жылаудың аты – қайғы,
Жыламашы кеткендей батып ай, күн.
Жылатқан сені солай қатігез жан,
Бір тамшы жасыңа да татымайды.
Көмескі тартып күлдей реңің шын,
Құлағандай болмашы тіреуішің.
Шын ғашық жылатпайды ешқашан да,
Жыламашы қайдағы біреу үшін.
Өзі жасын төксе де көл ғып, мейлі,
Шын ғашық жылатпайды, егілтпейді.
Шын ғашық сенен алыс ұзамайды,
Шын ғашық телефонға телміртпейді.
Шын ғашық – сенің дәйім жанашырың,
Аямайды өзіңнен бар асылын.
Аруларды аялай алмайтындар,
Бар болғаны «ұлдары мамасының».
Бақытыңның бағасын бағамдай біл!
Іздеп оны қашан да алаңдай жүр!
Бақытыңды іздей бер! Күдер үзбе!
Өйткені ол сені іздеп таба алмай жүр.
Бақытысың біреудің, үмітісің.
Күлші қане, бар мұңың ұмытылсын!
Көбелектей әр гүлге ұшып- қонған,
Жыламаңдар, қыздар- ай, жігіт үшін.
(c) С.ШАТЕНОВА.
❤Yasmina@uigurka.kz еще тексты
Другие названия этого текста
- Уля Зікірбаева vk - Жыламандар, қыздар-ай жігіт үшін! (1)
- ❤Yasmina@uigurka.kz - Жыламандар, қыздар-ай жігіт үшін! (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1