Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Yerbolat - Сен сулу | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Білем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзен Ай сұлу.

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу.
Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

СҮЙЕМ ДЕП, ӘРБІРЕУДІ СҮЙІП ЖҮРІП - ЖАЛТ БЕРІП БЕЙШАРАНЫ ТАСТАДЫ МА?

Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

Шаңқай түсте өткір алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Ерболат Сен Сулу Ерболат Сен Сулу
    Ерболат Сен Сулу ... Ерболат Ержанбаев - Жумбак сезим | Жұмбақ сезім ( Официальный клип 2014 2015) - Duration: 3:32. by Жаңа ...