Кең маңдайлы жазық бет қазақ қызы Саған жетпес жаным-ау қыздың мыңы. Ғашық еттің көркіңмен мені баурап, Қылықтысың неткен жан адам гүлі. Күндей жарқын жүзіңіз төккен нұрын, Өзіңменен сезгендеймін өмір құнын. Мінезің жайма шуақ сай келіп тұр, Айтсаңшы қалқатай-ау мұның сырын. Көз жеткен жерге жаным сөз жетпей тұр, Жүресің қалай шыдап селт етпей бір. Аңсарым өзіңе ауып, ойым бірге Жұмақтың қор қыздарын естетпей тұр.
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3