АРДАҚТЫ ЖАН [Zeba] Ардақты анам баптадың ұлыңды бәйгеге, Тақым қысып тілеуіңді тілеп мен жараймын кәдеге. Күнім болсаң шуақпын, Нәрленем егер сен бұлақ болсаң құрақпын. Жаңбыр болсаң мен сенің қаңсыған гүліңмін, Кітап болсам, ал сен бастауысың ілімнің. Әжім атты жылғалар нұр жүзіңе жол салды, Қартайдың-ау қайғы ойлап өлім тағы тор салды. Қайсар мінез жалғыз басты әйел, Мен тау болсам, сен музарт, Сірә ешкім сусындатпас ақылыңмен сен құсап. Теңіз болсаң кішкентай аралмын, Жылы жүрегіңнен өмірлік қор нәр алдым. Ана атты нәзіктіктен мендағы жаралдым, От болсаң жылу болып жан-жаққа таралдым. Құлының бүгінде болды Ілиястың құлагері, Ақындардың іздерін қуған, Мұқағали мұрагері. және сері, ардақты анам тек өзіңсің сен серім, Батыр ана қолыңдағы мен өткір семсермін. Көз алдымда жүре берсең менің биік болады еңсем. Ардақты анам Қ-сы: Ардақты жан анам, Теңіздей ақылыңнан жанданам. Бас иемін әрбір шашыңның ағына, Ғазиз басың лайықты әлемнің тағына. [MusLim] Күні де, түні де шыдап төзген жатырында сақтап, Дүниеге акелген анамды тұтам мақтан. Кішкентай арыстанын емізген ақ сүтіменен жігер беріп, Қолтығынан қаққан ауырғанда дем беріп. Жан жоқ оған тең келер жерде дөңгелек, Әркімнің де анасының жүректе алатын орны бөлек. Орның бөлек жан анашым менің. Біздер үшін талай қиындыктарды өткердің, Тағдырдың тауқыметін көп-көп-көп көрдің. Шын құздағы қайыспайтын шынардай, Бар бақытқа өз күшіңменен жеткіздің. Мерейленем езуіме күлкі ұялап сонын бәрін ойласам, Көмейге өлен төгіледі жәй ғана толғансам. Берген тәрбиеңе қарын қампия тоймасам, Осынау белесті бағындырмас ем өзің болмасаң. Қ-сы: Ардақты жан анам, Теңіздей ақылыңнан жанданам. Бас иемін әрбір шашыңның ағына, Ғазиз басың лайықты әлемнің тағына.