-/ Қош келдіңдер біздерге 1курс Мамандығыңды таңдадың өте дұрыс Бағала уақытты өтетін бұл шақтарда Оқу жылыңды сақталар есте өткіз
Алғысым шексіз ұстаздарым сіздерге Білімнің сыртында үйреткен бұл өмірге Қателіктеріме қараған кешіріммен Ұстаздар сіздерді айта алам мақтанышпен
// Келіп ек алдарыңа бала боп кеше ғана Қас қағым 4жылымда айналдық біз маманға Егер біз шыңға шықсақ арқасы ұстаздардың Ұстаздар алдарыңызда əрдайым борыштармын
Екінші анамыздай ардақты ұстаздарым Біз ертең ұшып барамыз ұядан қанат қағып Көргенді ұямыздан,ілерміз ұшқан кезде Бас иіп алғыс айтамын, ұстаздар мен сіздерге
*** Шынымен мен қимаймын ардақты ұстаздарымды Жастықтың жалыны өткен қимаймын бұл орданы Қимамаймын достарымды бауырдай болып кеткен Мен үшін мед.колледж əрдайым ыстық мекен *** Оң-солды ажыратпай біздерде 4жыл бұрын Келген-ек бала болып,алғашқы қадам басып Уақытым өтіп кетіпті зымырап өкінішті Кетерде түсінудемін колледж қадіріңді
4жылым бірге өткен достарым,группаластар Ішінде аз уақыттың сендерге бауыр басқам Бəріміз бір үшін деп,не көрсек бірге көріп Сендерге ризамын, ризамын бəрі үшін
Сабақтан кешікпе деп,қыздар бар оятатын Біз қайда қатыссақта,əрдайым қолдай алатын Сендерге рахмет айтам,бəрі үшін шын жүректен Көшірер осы жандар,біздерге лекциясын
Құрметті бірінші курс,əрқашан бірлік болсын Мінекей басталуда жап-жаңа жастық шағың Жалындап өткізіңдер білім мен өнерден де Бəрі өз қолдарыңда,жүрмеңдер тым кеш қалып *** Шынымен мен қимаймын ардақты ұстаздарымды Жастықтың жалыны өткен қимаймын бұл орданы Қимамаймын достарымды бауырдай болып кеткен Мен үшін мед.колледж əрдайым ыстық мекен ***