Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai Media) - Тас бауыр | Текст песни

vk.com/baiterek
vk.com/zhan_bull

өзгерген адам ба екен әлде заман ба екен
бай не кедейлгімізге қарамай тас бауыр болдық неден
өзімізге ғана жан ашиды, адамдай сөйлейміз тозақ көрген
жақынымыз көмек сұраса қараймыз оған көргендей адамды бөтен

сөздері иманды болса да, жәлеп көбінің жүректері
ләззаттану үшін - қаншама сөзді ысраф етеді
өзінікін алып болған соң аямастан тастап кете береді
содан толып барады жаутаңдап қарағайтын қазақтың көздері

ал биліктегілерге келер болсам, бәрін айтқам - тағы не айтам,
оларға дауа жоқ, халыққа қойғандары бар қаям
жалақысы жүздеген мың, ал істеген істері бір тиын
халық наразы болса да, үндемейді, қазақ өзі бір қиын

бәлкім өзгені өзгертпей тұрып өзің өзгеріп ал деп отқан боларсыз
билікте отырсаңыз, маған тіс қайрап отырған шығарсыз
иә, дұрыс, бәрін өзімізден бастау керекпіз
Нурик ата , өтірік өлеңдерді доғарып, жұмысыңызды істеңіз

халқым сияқты қорықпаймын, ақиқатты айтамын
тиіп кетіп жатсам, айыптамай, тыңдағын
сен жайлы шындықты айтқаным үшін жек көрінішті болармын
мен жаман атансам да, сен жақсы болшы қазағым

Жек көреміз кісілерді өздеріне керек кезде
бізді еске алатын, қоңырау шалатын
кешірмей, өзіншіл болып, сыншыл боламыз
бірақ неге алдымен өзімізді дұрыстап алмаймыз

соңғы рет мешітке қашан бардың өзі
қиналғаныңда ғана еске аласың Құдайды жасаурап көзің
таусылса да төзім, ұмытпа досым
біреуге қол ұшын созсаң, сағанда тура болады Құдайдың көзі


Другие названия этого текста
  • ZHan Bull - Тас бауыр (0)
  • ZHan Bull (Bai Media) - Тас бауыр (0)
  • ZHan Bull (Bai Media) - Тас бауыр | ZHan-Bull.kz (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-