Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai MG) - Балык басынан шiридi... | Baiterek.info | Текст песни

ZHan Bull (Bai MG) – Балық басынан шіриді

“Балық басынан шіриді” дейді. Кей кісілерге сол дәм ұнайды екен.
Ол басты шабатын бізде қасапшы жоқ па, ұлт жандылар 86 -да жоғалды ма екен?!
Жаратушы жіберді әрқайсымызды өз еркімізбен жасайтындарын жасасын деп.
Алайда ұмытпадым әр қадамыма жауап беретін бір күн расында туар екенін.
Бір сөмке толы ақштың пұлын берсең, балықтың басына не оның қол астындағыларына
Боласың сен ел қалаулысы, не тағы қандай креслоны таңдасаң да өз қалауыңда
Әр қадамға жауап берер күн туарын естен шығарған дөкейлер қағады жас пен кәрісін,
Жығады жас қыздарды еркінен айырып, құрғыр қара құмарлығы қанғанша

Сіздер кетесіздер, ал біз қаламыз
Жоғалған ба 1986-да намысты қолдан бермес жастарымыз

Үш жүз батырлары ұрпақтарына аманат еткен кең жерімізді жеке меншігіне айналдырғандай.
Сыйға тартады, сатады өзінің қара қамын, құлқынын ойлап олар мәңгі жасайтындай
Ел қалаулылары ел жағдайын білмейді, олардың уақыты жоқ қара халыққа шын уақыттары жоқ
Олардың заңсыз қатындары жылы аралға барғысы келді, сол сайқалдарымен олар да кетті
Жоғарғы оқу орнына түсу жыл сайын қымбаттап барады, ондағы жұмысшылардың айлығы бірақ жоғарламады
Сонда қыруар қаржы қайсы біріңнің қалтаңа құйылады?! Білемін! швецариядағы шотта евролар жыйылады
Автомобиль бөлшегіндей бөлшектеуге жетім нәрестелерімізді әлі мұхит асырып алып кетуде
Ресей өздерінің нәрестелерін беруде, алайда олар сол нәрестелердің болашағын қатты бақылау үстінде

Эе, әрине мүлтіксіз мемлекет, мүлтіксіз үкімет бола алмайсыздар…
Алайда, басты қиыншылықтарға, халықтың жағдайына назар аударып, көңіл бөлгендеріңіз дұрыс болады.
Бұл әнім менің, бұл жырым жан жүрегімнен шыққан, барлықтарыңызға қатысты емес әрине, бірақ, мұндай кісілер әрине бар. Дұрысталыңыздар, өтініш халық атынан.
Эе, соғыс ашпай отырғандарыңызға арналған кішкене ғана құрметім бар, сол құрметіммен, кішкене ғана ZHan Bull «Baiterek Media Group».
«Ақиқаттан, ақиқатқа...» жыр жинағымнан


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-