Kadem: - Сезесің сен Жанболдың саған сезген сезімін Болыңдаршы бақытты, шын жүректен тілерім Сен ұнатқан аруың, Айша атты асыл жан Тәңір енді бақытыңды айырмасын қасыңнан
Zhan Bull (Bai MG): - Кезіктірді Тәңірім сезім сөзін сыйлаған Бір өзіңе жолықтырды көңілімді қыймаған Жаның сұлу бойжеткен лайықтысын үмітке Осы әуен сый болсын мәңгі соғар жүрекке
Ғашық болдым өзіңе бір көргенде сол бір сәт Сезім орнап көңілге жүрегім тұрды алаңдап Бірге болшы менімен демеу болшы қасымда Саған сезген сезімнің жауабын іште жасырма
Дегім келіп айта алмадым алғашында өзіңе Тексергендей болдың сен сенбедің сезімге Күндер өтті бір шама айлар өтті демеймін Сенсіз өткен күндерді қара күзге теңеймін
Сұрағым көп өзіңе оның бәрін қоялам ба? Сені көрсем сөз таппай кейде бәлкім ұяламда Кеудеңдегі жүректе маған орын табылама ? Жауап берші өтінем сұрағымнан жасырын ба ?
Қайырма 2 рет: Түсінуге болады қос жүректің дүрсілін Сыр шертейін сіздерге солар жайлы өлеңім
Кеудеңдегі жүрегің мен деп соқты сол кезеде Қанат бітіп жүрекке, пайыздар толды жүзге Асыл сөздің жүрекке жылу берері де хақ Мен түгілі бұл әлем махаббатқа мәңгі жақ
Ұрлана мен қарадым ғашықтарға қызыға Сезіміңді әр қашан сүйгеніңнен жасырма Содан болар өзіңді күні-түні іздедім Баяу соқты қиналып сені іздеген жүрегім
Ғашықтардың сезімі лүпілдеуін тыймайды Қоштасарда әр бір сәт бірін-бірі қимайды Жарым болды сол ару бәрі жақсы ойдағы Мәз боламын өзіңмен еске түсіп қайдағы
Түсінуге болады қос жүректін дүрсілін Сыр шертейін сіздерге солар жайлы өлеңім Ғашықтарға жыр жазып әнімді мен арнаймын Болсын мәңгі бақытты бірге болсын әрдайым ...