Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai MG) - Дзю-Дo (COC) | Baiterek.info | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

ZHan Bull (Bai MG) – Дзю-До (COC)

Тырнақ, шаш бәрін қысқартып
Спорттық сөмкеме кимономды салып
Талтаңдап жәймен спорттық сарайға басып
Өз өзіме сенімдімін жүрмін дзю доға қатысып

Ауданда шегіп не егіліп отыратындар мұнда жоқ
Футболшыларға ұқсап бізде ауа қуалап жүру деген жоқ
Бізге кел шынығып жаттыққың келсе
Күресті жеке өзім үйретемін татемеде

Білемін қара күшің бар ауылдан келсең
Бірінші күні біздің арық жігіттерді менсінбесең
Хаджмені естіп әлгі арық інішегім сені қадайды
Бізде салмағына қарамай тактикаға әбден даярлайды

Інішегім, түнгі клубтарға тиынды құртқанша
Харамды ішіп, ден саулығыңнан айрылғанша
Кимоно ал да, бізге қарай жақында
Қазақтың ер жүректерін даярлады дзю-дода

Дәл қазір ұмтыл алға
Дзю дошы болсаң таста ипомға
Бізге маңызды емес тіліңнің өткірлігі
не тапаншаңдағы оғыңның көлемі

Салауатты өмір салты бұл менің қалауым
Жарыстарда жеңіп биік көтерем елімнің жалауын
Шегіп не егілу деген жоқ ұстау үшін лаззатты
Дәл осындай болсын жастарымның қалауы

Ең маңызды деннің саулығы яғни спорт
Содан соң ілім білім достық, және махаббат
Литрлеп кетіп жатқан сыра және арақ
Сенің жетістікке барар жолыңды жабады

Құласаң үмітіңді үзбе қайта тұр
Сен жеңілмедің өйткені жүрегің әлі соғып тұр
Дзю до тек спорт түрі емес Бұл өмір салты
Таңдауымыз бір мықты етіп өсіру ұрпақты

Рухың мықты болсын әрбір жағдайда
Шын ниеттенсең Жаратушы сені қолдайды
Бірінші қадамды жасадың таңдап осы спортты
Міндетті түрде жеңімпаз боласың Бай Эм Джи сені құттықтайды


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-