Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai MG) - Перілерге еріп (ж-е Saffat) | ZHan-Bull.kz | Текст песни

vk.com/baiterek
vk.com/zhan_bull

ZHan Bull (Bai MG) – Перілерге еріп

Келіспеске шарам жоқ... маған аян мінезің.
Өткеніме налам көп, кінәлі де бір өзім.
Ол күн әлі жадымда, жалғанымның өлшемі.
Жаздың жұпар бағында, жолықтырдым мен сені.

Алақанға қондырдым, бақыт құсы ең ғаламда,
Біз танысқан сол бір күн, мереке еді саған да,
Өзің барда қасымда, шат-шадыман жан едім.
Сүйіктім-ау, расында періштедей пәк едің.

Өз-өзіме оқ аттым, құт көрмедің менен көп.
Перизат ең, жоғалттым, перілерге ерем деп,
Сол күн болған бізге әнді, бүгін маған тым мұңды.
Кеудем іші сызданды, көкейіме жыр тұңды.

Өтпей қойды мына күн, шат шақ қайда баяғы.
Аңсатып ақ тұрады, алақаның аялы,
Бітті іштегі тағат та, өзек өрттен күйеді.
Қабырғадағы сағат та, жүйкеме кеп тиеді.

Көкжиекке батырдым, күн сәулесін сезе алмай.
Жынды адамдай жатырмын, телефоннан көз алмай....
Сорлы жүрек дір етті, болмақсың ба сен елес?!
Телефоным шыр етті, бірақ тағы сен емес...

Бағыма құс едің қонған, не деген тәтті едің айым!
Жадыма түседі сонда, өткеннің әттеген-айы..
Көзіңмен арбап тәнімді, сөзіңмен шырмап жанымды.
Түнекке тартып сағым ой, жүрекке санам бағынды.

Езілген жүрек шер-мұңын, сезінген көңіл кемдігін
жаза алар өзің. Дәл бұлай мазалар сені енді кім?!.
Көтердім барлық назынды, өтермін арнап жазымды.
Маздаған сезім от болып, жазбаған жырым жазылды.

Мазасыз көңіл сенбеді, шарасыз үміт сөнгені.
Түсімдей қылып сол күнді, түсінбей кеттің сен мені.


ZHan Bull (Bai MG) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2