Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai MG) - Сую жетпейдi (ft. БауырЖАН) | ZHan-Bull.kz | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

vk.com/baiterek
vk.com/zhan_bull

Өзіңсіз менің әлемім мағынасыз тыныштық...
Жүрегімде мұз, бірақ сезімдерім тым ыстық.
Жылатуды жек көрмеген зұлымдықта тыным бар ма?!
Мен кейін шегіне алмаймын айтылмаған сырым барда!

Көріппе едің көктемде жүрегімнен гүл шыққанын,
Маған, ұнайды сенің еркелікпен қырсыққаның.
Иірілген кірпігімнен көздеріңді ала қашып,
Жаутаңдап қарамашы көздеріме саған ғашық...

Мінезіңді теңер едім бүршік атқан ғажап гүлге
Санамды жауладың менің шыны керек аз ақ күнде!
Денеме рахат сыйлаған сондай нәзік сенің кеудең
Бақытқа жеткізем сені, қолдарымнан ұста менің!

Жанымда болған кезіңде жылдам соғады жүрегім,
Сен бақытқа бөлегенде шексіз шынайы күлемін.
Елжіреген қабағыңнан төгіледі күн шуағы,
Жұдырықтай жүрегім саған ғана құлшынады.

қайырмасы:
Білмеймін өзіңменен қауышатын нақты күнді,
Жай ғана сүю жетпейді басу үшін аптығымды.

Сен менің өміріме өшпейтұғын нұр жақтың,
Сезімге жіпсіз байландым, білесің бе қымбаттым?!
Көздеріңнен мін таппадым жәудіреген мақпалдай.
Жанға бақыт жауса екен, талға қонған ақ қардай.

Білмеймін өзіңменен қауышатын нақты күнді,
Жай ғана сүю жетпейді басу үшін аптығымды.
Кеттің қолға ұсталмай, көктемдегі құстардай,
Жанымда жүрші, жалғызым, өмірімнен тыс қалмай.

Жүрегімнің дауасы жоқ жүйрік аттай сілкінген,
Тамшы жасың мен болайын кірпігіңде іркілген.
Әдемі әрі шырайлы, келбетің маған ұнайды,
Сол сұлулық өмірімнің жарты бөлігін құрайды.

Сыйлар ем аямастан қолдан келсе бар асылды,
Сүйкімді сұлу тұлғаң, өзіңе жарасымды.
Толқыған күй кешпеп ем ешқашан да жаным мұндай
Сүйемін сені ғана, қасымда бол сағындырмай!

Другие названия этого текста
  • ZHan Bull (Bai MG) - Сую жетпейдi (ft. БауырЖАН) | ZHan-Bull.kz (0)
  • ZHan Bull (Bai Media) - Сүю жетпейдi (және БауырЖАН) | ZHan-Bull.kz (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-