Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull - Дастан | Текст песни

vk.com/zhan_bull
vk.com/baiterek

Құдай Тағала кешір, мүмкін мұным дұрыс емес
Баршаның раббысы сен - саған күпірлік келтірілмес
Сағындым мен - дос, аға, бауырымды
Сұраймын Жанын оның - жәннәти қылуыңды

Жиырма үшінтен өтіп жиырма төрт жасына бір ай қалғанда
Көзін мәңгіге жұмып, Әзірейіл алып кетті бақиқлыққа
Алып кеттің білем күнәлары асып кетпесін деп сауаптарынан
өйткені мен әлі көрмедім ол сияқты мейірімді адам

Дастан, Әлі есімде ашуланба, сабыр сақта
Мүмкіндігіңше адамдарға жәрдемдес, сараң болма
Деп үйретуші едің мен жиен ініңді
Барымша тырысып келем орындауға өсиетіңді

Сен менің бауырымсың ата анамыз бір болмаса да
Жанымдасың, сен бақилықта мен жүрсем де бұл жалғанда
Кездесерміз Әзірейіл рухымды шығарып алғанында
Құдай өз мейіріміне бөлеп, жанымды жәннәти қылғанында

Қамқоршылардың қамқорсышы - Құдай Тағала
Мейрімділігіңе бөлеп, Дастанды орналастыр жәннәтқа
Сен бәрін көріп, бәрін де білуші
Күнә, кінәларымызды кешіп, дұғаларымызды қабыл етші???

Дастан, сен мұны естімейсің білем
Бірақ, мейрімділердің мейірімдісі естіртсе екен деп үміттенем
Екеуміз араласқан алты жылдың әр сәті есімде
Жалғыз бола тұра үш адамның орнын басып жүрдің де

Нағашым, досым, бауырым да өзің бола білдің
Қайғы не қуаныш сен менімен, мен сенімен бөлісіп жүрдім
Жадымда сақтаулы көрікті түрің, қайталанбас күлкің
Менің қырсық мінезімді де жалғыз өзің көтеріп жүрдің

Жылағым келетіндей, бірақ жас та қалмағандай
Ербол досың жүр өзіңсіз қанаты үзілген құстай
Ағаммен жеңгем дайындалып жүр еді тойыңа
Жалғыз ұлы сен едің, сағынған сайын барады қабырыңа

Өзіңсіз қаңырап қалды бір бөлігі жүректің
Мұңаймаймын өйткені келеді бір күн Әзірейіл алып кететін
Ал қазірге тек дұға жасау қолдан келетіні
Құдай Тағаламнан тілеймін, баршамызға жұмақты нәсіп еткенін


ZHan Bull еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1