Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull - Енші құшағыма | Текст песни

ZHan-Bull.kz
vk.com/ZHan_Bull
vk.com/Baiterek

Ойымның бары сен, сен менің таңдауым
Тағдырға сенем, сенде мойында, мен қалауың
Мәңгі сүюге әзірмін, қаншалықты қиын болса да
Батылдығымды жинап жаздым, сондықтан тыңда

Аспанды бұлт қаптап даусыңды естімесем
Алыстасың, қызғаныштан жүрегім езілген
Күйсіздік, жалғыздықпен күндерімді толтыратын
Дауысың ұялымнан жанымды жылытатын

Таңым ата салып, кірісемін өзіңді іздеуге
Ұялыма тыным жоқ арулардан өзге
Ал мен жаныңнан табылып, оятқым келеді
Қай уақыт болса да ләззат алып күлкіңнен жүзіңдегі

Күннің суығы не ыстығына қарамай
Жанымда жоқ болсаң да, түсімде жүресің жарығым ай
Бәрін тастап, қасыңнан табылғым келетіндігін ай
Көкпен жердің арасымен жел сезімімді жеткізсе екен ай

Оо Жаратушы сабыр бере көрші
Сүйгеніммен жырақтық сынағыңнан өткізе көрші
Толған уайым-қайғы, не той-думанды
Мына ұйқысыз түнімде сұрап отырмын тағы

Төзім бітіп, үміт үзілердей болғанда
Қайта күш қуат береді соққаның ұялыма
-Сәлем Жан өте қатты сағындым
-Ханшайымым күнде екеумізге сұраудамын

Сәтті жақындатуды қарай алатынымдай жанарыңа
Төсіңе төсім тиіп, енуіңді құшағыма
Бақыттан дірілеген еріндерім тигенін маңдайыңа
Шекаралар жойылып, қашықтық шыққанын жоққа

Мен әлі сене алар емеспін бұл түсім ғана деші
Көздерім ашылғанда бір болатынымызға сендірші
Менен алыс екендігің орынсыз бір қойылым деші
Іздегеніммен таппадым, жарайды жуырда кезіккенше


ZHan Bull еще тексты


Другие названия этого текста
  • ZHan Bull - Енші құшағыма (0)
  • ZHan Bull (Bai MG) - Еншi кушагыма | ZHan-Bull.kz (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1