Құдайдың разылығы үшін, сән үшін емес, Адамдар ойын бұзғысы келсе де, ол берілмес Раббысының түрін көрмесе де, иманы әлсіремес Жаз, ыстық деп, өзгелер секілді шешінбес
Жауып жүреді әуретті жерін бөтендердің алдында Үстінде жабыспайтын киім, орамалы басында Жоққа сабыр, барына тәубе, азға қанағат Күнде шүкір деп, осындай ұстанымды ұстанады
Құдайым, әміріңізбен жазсын - сауаптар әр қадамына Нығметтеріңізге бөленіп, жүрсінші жүзі нұрлана Ол істейді бәрін бөлену үшін разылығыңызға Санасы жетілген ерте құрдастарына қарағанда
Себебі құрбылары жүргенде кейін бастаймын деп Ол намазын оқып сауаптар жинап келеді Кейін бастамақ түгілі, таңда оянасың ба бір Құдай біледі Тайма осы жолдан, қарындас десем, жәудіреп қарап, жымия күледі
Жүрегіңе иман толып, Ниеттерің қабыл болып, Абыройлы, бақытты - Қос дүниеде болғайсың
Қасы қалың немесе табиғи жіңішке болса да Ол сәндену үшін термейді бір данасын да
Еріндері жарылып тұрса да оразада Бір тамшы су тамызбайды өйткені бұл парыз болған Оған керек емес түнгі клуб, жағажайлар Құлшылық, сауапты іс істегені оның жанына жағар
Жүрегінде Құдай Тағала, ал көңілінен шықсаң егер Ол Құдай үшін емес, Құдайдың разылығы үшін сүйер Ұмытпа, Бұл әлемде бәрі өзің үшін, міндет емес біреуге Оның Құрдастарына қарағанда санасы жетілген ерте
Себебі құрбылары жүргенде кейін бастаймын деп Ол намазын оқып сауаптар жинап келеді Кейін бастамақ түгілі таңда оянасың ба бір Құдай біледі Тайма осы жолдан, қарындас десем, жәудіреп қарап, жымия күледі