1)Оның құшағы емес,күннің шуағы жылытат, Сенің емес, анамның күлкісі қуантад. Жүректен шыққан ән, қанша қайғыдан арылтат. Сүйем деген сөзің мен үшін өз құнын жоғалтат. Басқа алемге кеткім келеді қолыңнан кысып ұстай. Мүмкін емес бірақ, төзім қажалған жүрек мұздай Көп үзілістен құралған біздегі сезім сондай, Сөзсіз үнсіз тек қарап тұрам саған көзімді алмай, Сүйсіне қарай алмайм мен ғашық болған көзіңе. Екі бөлек жағадамыз, екі бөлек кемеде. Көзіңе карай берем жылуын сезінбесемде, Сенсіз өмір - мәнсіз өмір,сен оны сезінесің бе?! Уақыт, бірақ ол мені емдемед, Керемет, өмірің, өзге құшақта еркелеп, Әлі келем, сағынумен, қызғанышпен сені қимай, Ұмыту маған қиын, ал саған қалай оңай?!
Вокал: Сүйем сені,өзгеге қалай қиям. Жаным сені қалай ұмытам, сүйем сені (2 рет.) Кетсең ұмыт, қайта келме мүлде. Жаным менен үміт үзсең де, сүйем сені (2 рет.)
2) Көздерім күлімдейді, бірақ жан дүнием емес, Қимайм, бақыт тілейм, бірақ жүрекпен емес. Қолдайтын тыңдарман бар, жұлдыз болмасам да. Жан дүниемнің айқайы тыңдарманмен сырласуда. Менің жан дунием салқын, жылу сезінбедің бәлкім, Саған баратын жол, кейде алыс, кейде жақын. Екі жақтамыз, тағдырға қарсы тұрсам да, Жалғызым бақытты болшы, жүрегім қимаса да. Көңіліңе жағатын затты мүмкін менен таппайсың, Өмір ызғары соқса оның құшағында тонбайсың. Кезінде жыртылғансың сүйіп өтем мәңгі деп, Жарайды, үнсіз қалайын, уақыт өзі дәлелдет. Бақытты болуды білмейміз, бірақ болам деп көздейміз. Тағдыр емес кінәлі, біздер сүйюді білмейміз. Сосын сенбейміз, құнын жоғалтқан махабатқа, Оңай бастау,сосын қимау, жаным-ау махаббат па?!
Вокал: Сүйем сені, өзгеге қалай қиям. сені қалай ұмытам, сүйем сені (2 рет.) Кетсен ұмыт, қайта келме мүлде, Жаным менен үміт үзсең де, сүйем сені (2 рет.)